• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық 26 Сәуір, 2025

Ауыр халдегі екі жасар науқас бала Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді

140 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында ауыр халдегі екі жасар бала шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, тікұшақ Жосалы ауылынан науқас баланы Қызылорда қаласына алып келді. Баланы санитарлық авиацияның медициналық бригадасы бірге алып жүрді.

ТЖМ мамандарының айтуынша, әуе транспорты елдің алыс аймақтарындағы пациенттерді шұғыл жеткізудің ең жылдам әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Бұл жолы да ұшу еш қиындықсыз өткен. Пилоттар мен дәрігерлер өз міндеттерін кәсіби деңгейде орындап, баланы және оның анасын аман-есен облыстық медициналық мекемеге жеткізді.

Ведомство өкілдері төтенше жағдайлар мен шұғыл шақыртулар кезінде ТЖМ мен санитарлық авиация қызметкерлері әрқашан дайын екенін және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.