• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 27 Сәуір, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясына 2 мыңнан астам тұрғын қатысты

110 рет
көрсетілді

Қаланың барлық ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында республикалық сенбілік өтті.

Сенбілікке 2 мыңнан астам этномәдени бірлестіктердің өкілдері, түрлі діни ұйымдардың мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Олар көшелерді, саябақтар мен скверлерді тазалауға шықты.

Сенбілік Алматының барлық ауданында өтті.

Жалпы 50 гектар аумақ тазалап, 800 тоннадан астам пластик, резеңке, қағаз, металл және басқа да тұрмыстық қалдықтар шығарды.

Акция алматылықтар үшін қаланың тазалығы, аға буынның ерлігіне құрмет және халықтар бірлігінің дәлелі.

АЛМАТЫ