• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Табиғат 28 Сәуір, 2025

Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін аюдың кадрларымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz. 

Қоңыр аю «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің фототұғырына түсіп қалды. Наурыз айында бейне түсірілді. Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында  аюлардың саны жыл сайын артып келеді. Ұлттық паркте  19-22-ге жуық аю бар.

 

Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылы құрылған, Тянь-Шань аспан тауларының солтүстік беткейінде, Іле Алатауы мен Күнгей Алатауының екі тау жотасының арасында, Қырғызстанның шығыс шекарасына жақын орналасқан.

 

Мемлекеттік саябақ әкімшілігі келушілерге аюлармен кездескен кезде қауіпсіз арақашықтықты сақтау және жануарларды алаңдататын кез келген әрекеттен аулақ болу маңызды екенін ескертеді.