• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2025

Жетісуда ветеринарлық нысандар тапшылығы жойылады

40 рет
көрсетілді

Жетісуда ветеринария саласы дамып келеді. Облыс құрылғанға дейін 5 қана ветеринарлық пункт болса, бүгінде олардың саны 50-ге жетті (49 ветпункт, 1 ветстанция). Биыл тағы 17 ветпункт пен 3 ветстанция салу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саланың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, мамандарға қолайлы жағдай жасалды. Соңғы жылдары 45 арнайы автокөлік, 217 компьютер, 238 планшет және басқа да жабдықтар сатып алынды. Биыл тағы 22 техника алу көзделген. Сонымен қатар, ветеринарлардың жалақысы өсті: дәрігерлер – 327 мың, фельдшерлер – 206 мың, санитарлар – 208 мың теңге алады.

Өңірдегі 2,5 млн ауыл шаруашылығы жануары түгел бірдейлендіріліп, дерекқорға енгізілген. «ISZH-Mobile» қосымшасының іске қосылуымен ветеринарлар планшет арқылы тіркеу, екпе жасау жұмыстарын жедел әрі тиімді атқаруда.

Жануарлардың қауіпті аурулары азайып, 12 ошақ 4-ке дейін қысқарған. 26 көмінді санитарлық талаптарға сай жабдықталып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.