• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 21:12

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның мәйіті жеке үйлердің бірінің жалға берілетін уақытша баспанасынан табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның араласатын ортасын анықтап, оның танысына шыққан. Тергеу мәліметінше, оқиға алдында ер адамдар бірге ішімдік ішкен, кейін олардың арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті жәбірленушіге өлімге әкелген дене жарақаттарын салған. Одан кейін қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасап, мәйітті тағамдық пленкамен орап, басқа жерге алып кетуді жоспарлаған. Алайда мәйіт табылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар