Кейде әлемді дүр сілкіндірген ұлы ұрандар күтпеген жерден туады. Мәселен, спорт тарихындағы ең танымал сөз тіркестерінің бірі — «Nike» компаниясының «Just Do It» («Жай ғана істеп көр») ұраны – таңғаларлық әрі тосын оқиғадан бастау алған.
1977 жылы қарақшылықпен аты шыққан Гэри Гилмор есімді қылмыскер ату жазасына кесілген. Өлім жазасын орындау алдында оған соңғы сөзін айтуға рұқсат етіледі. Сол сәтте Гилмор еш қобалжымастан: «Let’s do it» («Кеттік, істейік») деген қысқа ғана сөйлем айтады. Кейін осы сөз тіркесінен «Nike» компаниясы шабыт алып, әйгілі «Just Do It» ұранының пайда болуына негіз болды. Бұл тіркес содан бері батылдықтың, табандылықтың нышанына айналды.