• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

«Ақтөбе» ФК қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаржыны жымқырған

40 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Ақтөбе» футбол клубының қызметі тексерілген. Бас прокуратураның баспасөз қызметі тексеру барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы жымқыру әрекеттері ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау мәмілелерінде байқалған. Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. «Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», делінген хабарламада. Қылмыстық істер тергеп-тексеру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне жолданған. Ал істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауына алынған.