• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Сәуір, 2025

Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді

0 рет
көрсетілді

Аймақта жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында өңірде NEET санатында 9 637 адам болса, бүгінгі таңда – 8 383. Дерекқорды өзектендіру және жұмыссыз жастарды анықтау жұмыстары жалғасуда.

– Облыс қалалары мен аудандарында “Жастар тәжірибесі”, “Бірінші жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Әлеуметтік жұмыс орны” мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат кең көлемде таратылуда, – дейді басқарма басшысы Айсұлу Ерниязова.

Жастар заңгерлік және психологиялық кеңестерді де тегін ала алады. Сондай-ақ, 16 мамырда облыста бос орындар жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған.

Қарағанды облысы