Әлеуметтік желіде Атырау тұрғынының құлдықта болғаны туралы видео тараған еді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы ақпаратқа байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция қызметкерлерінің тексеруі кезінде 54 жастағы ер адамның құлдықта болғаны анықталмаған.
«Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты жедел анықтау-тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 1971 жылғы ер адамның еш жерде мәжбүрлі түрде немесе құлдықта болғаны расталмады. Полиция қызметкерлері аталған азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, туыстарымен әңгімелесті. Әлеуметтік желідегі ақпараттың жалған екені белгілі болды», делінген департаменттің хабарламасында.