• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Сәуір, 2025

Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы келеді

220 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. 7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.