• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Мопедтерге қатысты заңға енгізілген түзетулер күшіне енді

80 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, «Жол қозғалысы туралы» Заңға түзетулер күшіне енгенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Оның ішінде өткен жылдың қазан айында «Жол қозғалысы туралы» заңға мопедтерді басқа механикалық көліктерге теңестіретін түзетулер де бар.

Түзетулерге сай енді мопед иелері көліктерін Ішкі істер органдарында тіркеуге міндетті. Ал 2025 жылдың сәуірінен бастап мопедті басқару тек «А1», «А» немесе «В» санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана беріледі. Қазір жол полициясы базасында 33 мыңнан астам мопед тіркелген.