• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Алматы Кеше

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

50 рет
көрсетілді

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 2- 4 мамыр аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы мен Алматы облысының 318 фермері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жәрмеңкеде халыққа 900 тоннаға дейін азық-түлік тауарларын сатуды жоспарлап отыр.

— Оның ішінде ет өнімдері — 390 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері — 400 тонна, сүт өнімдері — 50 тонна, жұмыртқа, шұжық және бал — 30 тонна, басқалары — 30 тонна, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкелер 3 және 4 мамырда (сенбі және жексенбі) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың төрт ауданында өтеді: 

Алмалы ауданы-Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасында);  Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен); Бостандық ауданы — ш/а. Қазақфильм (әл-Фараби даңғылынан жоғары); Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі. 

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20%-ға төмен сатылады.