• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті қолға түсті

50 рет
көрсетілді

Алматыда пәтер тонады деген іс бойынша күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, ұсталған азамат күндіз пәтерде иелері жоқ кезде, емін-еркін кіріп кетіп жүрген. Ол бүгінге дейін кем дегенде 5 пәтерді тонады деген күдікке ілінді.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 800 мың теңгеден асады.

«Оқиға орнында күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасуда», - деді Талант Исаев.