Ер адам екі жыл бойы қарызын төлемей қашып жүрген. Ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облыстық әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Жәнібек Түсіпбеков мемлекет пайдасына 70 миллион теңгеден астам соманы өндіру туралы атқару құжатының талаптарын орындамаған борышкердің қолға түскенін хабарлады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша хаттама толтырып, қарастыру үшін сотқа жолданды.
-Мемлекетке 70 миллион теңге қарыз болған адам 2 жыл бойы іздеуде жүрген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен өзара іс-қимыл және бірлескен күш-қимылдың арқасында іздеуде жүрген азамат ұсталды. Сот қаулысымен борышкер бір тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды,-деп мәлімдеді өңірлік әділет департаментінің баспасөз қызметінен.
Павлодар облысы