• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 10:00

Жеті өңірде каналдарды тазарту жұмыстары басталды

40 рет
көрсетілді

Аталған жұмыс – суару маусымын қалыпты өткізіп, диқандарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Сала министрлігінің «Қазсушар» филиалдары Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары бойынша жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр, бүгінде 300 шақырымнан астамы тазартылған.

Биыл «Қазсушар» филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасамақ, бүгінде 11 700 шарт жасалған.

«Ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі», деді вице-министрі Ерболат Ибрайханов.