• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Шиелідегі балабақшада бүлдіршінді 25 жерінен тістелеп тастаған

110 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жасар баланы қатарластары 25 рет тістелеп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Балабақша басшылығының айтуынша, тәрбиеші бөлмеден шығып кеткен кезде балалар жалғыз қалған, бәрі сол кезде болған. Бір жарым жасар қызды 1 жас 3 айлық бала тістеп алған деген болжам бар.

Зардап шеккен қыздың анасы құқық қорғау органдарына арызданған.

Шиелі аудандық полиция бөлімі аталған ақпарат негізінде кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген балабақша тәрбиешісіне шара қолданылғанын хабарлады.

«Қызылорда облыстық білім басқармасына да тиісті ұсыныс жолданды. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп толықтырды ведомстводан.

Сонымен қатар, Шиелі ауданы білім бөлімінің басшысы Дәурен Насибековтың айтуынша, қазіргі уақытта жағдай зерделеніп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар