• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Университет Кеше

Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды

50 рет
көрсетілді

2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға шетелде білім алуға қызығушылық білдірген жастар мен олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ашық есік күні – әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға. Қатысушылар университеттің оқу үдерісі, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары және кәсіби мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды. 

«Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы – Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы», деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:

 

Әлемдік QS рейтингінде 186-орында;

«Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша Ұлыбританияда 1-орында;

Білім беру, инженерия және геология салалары бойынша әлемнің үздік 150 университетінің қатарына кіреді;

Ұлыбританиядағы түлектерді жұмыспен қамту бойынша 12-орында тұр.

Астанадағы филиалдың артықшылықтары:

Барлық оқу процесі ағылшын тілінде өтеді;

Дәрістерді Ұлыбританиядан келген профессорлар жүргізеді;

Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол – халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім беру саласына айрықша назар аударады. Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған барлық бастамалар Президенттің стратегиялық ұстанымына сай жүргізіліп, тікелей бақылауында.

Соңғы жаңалықтар