• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қайтарымсыз гранттың қайыры

90 рет
көрсетілді

Мемлекет қолдауымен кәсіп ашып, тынымсыз тір­ліктің арқасында жұмысын жүйелеп, үлкен іске жалғас­ты­рып жатқандар көп. Демеу арқылы бастаған бизнесін өріс­тетіп, жеке бренд қалыптастыруға қадам жасағандар да бар. Солардың бірі – қызылордалық Жанар Прекеева. «Бастау биз­нес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытудың онлайн курсын аяқтап, мемлекеттік грант жеңіп алған кәсіп­кер «Керім сұлу-Қызылорда» кәсіпорнының жұмысын өріс­те­тіп отыр.

Алғашқы өнімін на­рыққа осыдан се­гіз жыл бұрын шы­ғар­ған кәсіпорын жұмысы бірден даң­ғыл жолға түсіп кете қойған жоқ. Он жеті жыл білім сала­сында еңбек еткен Жанар бастапқыда жұмыс пен кәсіпті қатар алып жүрді. Былтырдан бастап бесік жабдығынан бас­тап, сүндет той, қыз ұзату, тұ­сау кесу, құдалық рәсіміне қа­тысты барлық кәдесый мен ұлттық бұйымдарды ерекше ою-өрнекпен әзірлейтін кәсібін ке­ңейту мақсатында «Мансап» орталығымен меморандумға отырды. Осы арқылы қазір жұ­мыссыз азаматтарды оқытып, оларды жұмыспен қамтып жатыр. Бүгінде мұнда 17 тігінші жұмыс істейді.

«Біз тек қыз жасауы ғана емес, көрпе-жастықтар, сәнді жиын­тықтарды тігеміз. Санға емес, сапаға баса мән береміз. Соның арқасында сұраныс та көп. Мем­ле­кеттік грант қаржысына ақша қо­сып, көптен бері көздеп жүрген лазер алдым. Оған дейін 30-40 млн теңгенің құрылғылары бол­ған. Бірақ грант ақшасына алған лазердің орны бөлек. Құ­рыл­­ғы ұзын матаны қимай, қала­­ға­­ныңыздай ою-өрнек салып бе­реді. Әлеуметтік желідегі жарнама­мызды көргендер әр өңірден тап­сырыс беріп жатыр. Шетелдегі қандастарымыздың да тапсырысын жиі орындаймыз. Бұл – үлкен мақтаныш», дейді кәсіпкер.

Мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін кеңейтіп отырған жанның бірі – Гүлфира Шамаханова. Бас­тап­қыда үйінде кондитерлік өнім­дер пісірген ол мемлекеттен алған қайтарымсыз грантқа қа­жетті құрал-жабдықтар сатып ал­ды. Бүгінде қаланың Ескі базар ау­­ма­ғындағы сауда нүктесінің тұ­рақ­ты тұтынушылары бар. Пі­сір­ген торттары мен тәттілері сөре­де көп тұрмай, тез сатылып кетеді.

Мемлекеттік қолдауға ие бол­ған жобалар арасында ерекше бизнес түрлері де кездеседі. Көп­балалы ана ретінде грант кон­кур­сына қатысқан Әсем Әлімов­а «Аква әлем» деген жоба әзір­лепті. Бас­тамасы қолдау тауып,­ хобби ретінде басталған істі кәсіп­­ке айнал­дырып отыр. Қазір аква­риум­­дар дайындап, оған ба­лық өсіреді. Әйнектерді кесіп, бір-біріне желімдеп жасаған аква­­риум­дарын сұраушылар көп. Ай са­йын тапқан табысы да артып ке­леді.

«Әуелгіде үйде балық өсі­ріп, зоодүкендерге өткізіп жүр­­дік. Өткен жылы 1 476 800 тең­ге көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алып, кәсіп бас­тап кеттік. Қазір Таиланд пен Индо­незиядан келген балықтың отызшақты түрін өсіреміз. Әрқайсысының күтімін ескеріп, қажетті дәрілерін беріп отырамыз. Осы іске қызығатын жеке адамдардан бөлек мектептер мен балабақшалардан сұраныс көп түседі. Басқа өңірлерден түскен тапсырыстарды да орындаймыз. «WhatsApp» арқылы тұ­тынушыларға кеңес беріп отырамыз», дейді Әсем Әлімова.

«Мансап» орталығының Қы­зылорда қалалық филиалы директоры Жақсылық Төлегеновтің айтуынша, былтыр 520 адамға мемлекеттік грант бөлінген.

Бір­а­қ олардың арасынан 97 аза­мат­тың қаржыны мақсатсыз пай­даланғаны анықталып, құжат­тары сотқа жолданыпты. Биыл 476 жобаны қаржыландыру жос­парланып отыр.

 

ҚЫЗЫЛОРДА