• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Экономиканы ырықтандыру міндеті

90 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ІЖӨ-ге үлесін арттыру бойын­ша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Мемлекет­тің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарланып отыр. Бәсе­келестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы айтты.

Отырыс қорытындысы бо­йынша мемлекеттің қатысуы­мен жекешелендіруге, біріктіру­ге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады. Бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Премьер-министр Жарлық­тың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керегін баса айтты.