• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:19

Ұлытауда 11 отбасыға баспана берілді

30 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Аудан тұрғындарын жеке қабылдап, өзекті мәселені көтерген өтінішін тыңдадЫ,  деп жазады Egemen.kz.

Кездесуде тұрғын үй алу кезегі, жол және көпір инфрақұрылымын жөндеу, жарықпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Облыс әкімі әрбір өтініш жеке бақылауға алынатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс басшысы Ұлытау ауданындағы әлеуметтік осал топтағы 10 отбасыға жаңа пәтер кілтін тапсырды.

Сонымен қатар, «Самға» ЖШС директоры Абай Болатұлы көпбалалы анаға қосымша үш бөлмелі пәтер сыйға тартты. Облыс әкімі демеушілік жасаған кәсіпкерге алғыс айтты.

Дастан Рыспеков кездесуде ауданға білікті кадрларды тарту жұмыстарын жалғастырып, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жағын жеделдету қажеттігін тапсырды.

Жұмыс сапарында өңір басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, Таңбалы тас саябағына және жеке кәсіпкер салған орманшылық алқабында шырша көшеттерін отырғызды.