• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 18:33

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

20 рет
көрсетілді

Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Әуесқой бокс: Иорданияда 15-17-ге дейінгілер арасындағы Азия бәсекесінде Қазақстан құрамасы боксшылары 16 алтын, 15 күміс, 13 қола жүлде еншіледі.

Жүзу: Афинада (Грекия) Acropolis Swim Open 2025 жарысында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен 2-орын биігінен көрінді.

Дзюдо: Әбиба Әбужақынова Тәжікстанның Душанбе қаласында Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды.

Таэквондо: Қытайдың Уси қаласында клубтар арасындағы 13-ші Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді.

Ат спорты: Ташкентте конкурдан өткен Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық сериясы мен Әлем кубогі кезеңдерінде отандық спортшылар 6 күміс пен 5 қола медаль иеленді.

Ауыр атлетика: Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары әзірге 2 алтын медаль жеңіп алды.

Теннис: Испанияның бас шаһары Мадридте ITF W100 турниріндегі жұптық сында Жібек Құламбаева үздік шықты. Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бұл –Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы екен.