• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Бүгін, 11:52

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне пәтер кілті берілді

60 рет
көрсетілді

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс басшысы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, мерейтойлық медаль және Қонаев қаласынан жаңа жайлы пәтердің кілтін табыстады. 

Марат Сұлтанғазиев соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шын жүректен алғысын айтып, ардагерлерге қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған, ерлік көрсеткен жандардың есімі ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрқашан сіздерді мақтан тұтамыз»,  деді облыс әкімі.

Ардагерлер көрсетілген құрмет пен қолдау үшін өңір басшылығына алғыстарын білдіріп, халқымыздың бейбіт заманда бақытты өмір сүруін тіледі.

Жеңістің 80 жылдығын атап өту – өткен тарихқа тағзым етіп, ерлік пен елдік ұғымын ұрпақтың зердесіне сіңіру.

Айта кетейік, облыстағы барлық  соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілген болатын.

 Алматы облысы