• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2025

Жаралы жылдар жаңғырығы

30 рет
көрсетілді

Соғыс өрті сөнгелі сексен жыл уақыт өтсе де қан қасап майданда опат болған боздақтардың дерегі әлі де табылып жатыр.

Бірлестік ауылының тумасы Ғалымжан Сәлімгереев 19 жасында майданға аттаныпты. 1942 жылы Воронеж төңірегіндегі шайқаста хабарсыз кеткен. Артында қалған ұрпақтары аталарының дерегін ұзақ уақыт бойы іздеген. Сол іздеудің нәтижесінде құнды ақпараттарды тапқан. Бұл құжаттарда Ғалымжан Асқарұлы алғашқы бетте барлаушы болғандығы айтылады. 560-інші саперлар батальонында қызмет еткен.

Таяуда Бірлестік ауылындағы майдангерлерге арналған ескерткіш тақтаға жауынгердің есімі жазылды. Шоқ жұлдыздай шағын ауылдан майданға 64 боздақ аттанып, 34-і оралмаған.

– Мәліметтер әлеуметтік желіден табылды, –дейді жауынгердің ұрпағы Есімжан Сәлімгереев, – өз елімізде де мәліметтер бар екен. Енді міне, ел қорғаған есіл ердің есімі ескерткіш тақтада тұр.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды деген осы емес пе?

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы.