• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2025

Жаңаарқа тіршілігі жандана түсті

220 рет
көрсетілді

Жаңаарқа ауданының агроөнеркәсіп кешенінде 12 жекеменшік серіктестік, 992 фермерлік қожалық пен шаруа қожалығы, 16 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Биыл қантар-ақпанда ауыл шаруашылығының барлық санатында өндірілген өнім көлемі 5 млрд 779,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен (5 млрд 695,0 млн теңге) салыстырғанда 101,5%-ға жетті.

Шаруашылықтар 4 061,8 тонна ет, 2 113,1 тонна сүт, 562,1 мың дана жұмыртқа өндір­ген. Мал басы да өсіп жатыр. Ірі қара 68 600, қой 99 961, ешкі 16 441, жылқы 92 658, түйе ­249 басқа жетті. 40 шаруашылық малды асылдандыру бағытын­да жұмыс істейді. Оларда 4 635 асыл тұқымды мал басы бар.

Асыл тұқымды ет бағытын­дағы қазақтың ақбас (2 929 бас) ірі қара малын өсірумен 25 шаруашылық, герефорд (839 бас) өсірумен 10 шаруашы­лық, «Әулиекөл» асыл тұ­қым­ды (779 бас) ірі қара малы­мен 3 шаруа қожалығы және Сим­менталь сиырын (88) өсі­румен 2 шаруашылық айналысады. Сонымен қатар 1 195 асыл тұ­қым­ды «Жабы» жылқысын, 10 788 бас сарыарқа қыл­шық жүн­ді, құйрықты етті, майлы ба­ғытындағы Еділбай, Деге­рес асыл тұқымды қой малы өсі­ріледі.

Ақтау ауылдық округіне қа­­­­­расты «Ұлы дала» ЖШС-де жо­­­­балық құны 1 215,0 млн тең­­ге тұ­ратын ауқымды жоба іске асы­рылып жатыр. Қанат Қос­­даулетов басқаратын кәсіп­орын­да мал сою цехы, салқын­дат­қыш қоймалар бар. Жобалық қуаты – жылына 1 164 тонна ет өнімде­рін өндіру. Қазір ет ком­бинаты мен консер­ві цехы іске қосыл­ған. Кәсіп­орын облыс­та бірінші болып Қатар Рес­публикасына 300 бас немесе 7 тон­на қой етін экспорттап ­та үлгерді.

Аудандағы 8 шаруа қожа­лығы 1 590 гектарға – арпа, 16 гектарға – сұлы, 335 гектарға бидай егіп отыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі – 320 млрд теңге.

«Ауыл аманаты» бағдар­ламасы шеңберінде Ұлытау облысына 2023–2024 жылдары 3 млрд 370 млн теңге бөлінсе, соның 1 млрд 709 млн 224 мың теңгесін Жаңаарқа ауданы игеріп жатыр. Тұрғындар оның 90%-ына мал алса, 10%-ына түрлі бағытта кәсіп ашыпты.

«Биыл өндірілетін өнім көлемін 34 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығындағы ин­вес­­­ти­цияны 1 млрд 360 млн тең­­ге­ге жеткізу жоспарлан­ған. Техниканы 80 бірлікке жаңарту көзделеді. 292 мың тонна шөп дайындалып, 1 941 гектарға дәнді дақыл егіледі», дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәрсенбек Амангелдіұлы.

Жақында Жезқазған қала­сында «Ауыл береке – 2025» жәрмеңкесі өтіп, оған Жаңа­арқа ауданының түкпір-түк­пі­ріндегі ауылдардан шаруа қожалықтары қатысып, өнім­дерін ұсынды. Жәрмеңкеде нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағамен 17,4 млн теңгеге 3,5 тонна сиыр еті, 1,4 тонна жылқы еті, қой еті және 1 тон­наға жуық сүт өнімдері сау­даға шығарылып, сатылды.

 

Ұлытау облысы,

Жаңаарқа ауданы