Алматы бүкіл әлем гурмандары үшін тартымды қалаға айналып келеді. Қала саяхатшылар үшін кулинарлық дәстүрімен тартымды. Мұнда қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдары да, түрлі ұлыстардың асы да, сондай-ақ, халықаралық тағам өнімдері де бар, деп жазады Egemen.kz.
Алайда бұл саланың танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, Алматыда гастрономиялық бағытта қызмет көрсететін гидтер жоқтың қасы. Almaty Tourism Bureau Алматыны өңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамыту үшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі.
Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұнда қалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналған бағыттар, идеялар мен сценарийлер қамтылған. Бұл сценарийлер кәсіби гидтер мен тағам саласындағы сарапшылардың қолдауымен жасалған, сондықтан туристер үшін ұмытылмас әсер қалдыруы сөзсіз.
Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. «Классикалық тур» Алматының тарихын тағамдар арқылы таныстырады. «Дәстүрлі гид» қазақ ұлттық тағамдарына терең үңілуге мүмкіндік береді. «Мультимәдени гид» еліміздің мәдени алуан түрлі екенін ас мәзірі арқылы көрсетеді. «Тау мен гастрономия» бағыты белсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәм топтасын ұсынады. Сонымен қатар, «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art&Eat концептуал әрі өнерге бағытталған орындарды таныстырады.
Гид, сондай-ақ, көше тағамдары мен барларға арналған бағыттарды қамтиды. Бұдан бөлек, Алматыға ғана тән ерекше тағамдар мен сапардан естелік ретінде алып кетуге болатын азық-түлік кәдесый тізімі де енгізілген. Гастрогид қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.