• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 08:00

Теңіз жағасындағы заманауи кешен

20 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында туристік қызметті дамыту бағытында бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Соның ішінде өңір табиғатын тамашалай келген қонақтарды күтуге айрықша назар аударылып, демалыс орындары ашыла бастады.

Соның бірі – Ақтау қаласынан 36 ша­қырым жерде, жаға­­жай аумағында, танымал «Золо­тое солнышко» демалыс база­сы­на жа­қын жерден ашылған «Шахристан» демалыс орны. Жеке кәсіпкердің қар­жысына шығыс стиліндегі сәулеттік на­қыштармен әрленіп салынған үш қабатты кешенде демалушыларға барлық жағдай жасалған. Қонақүйде аумағы 25-тен 60 шаршы метрге дейінгі 20 бөлме бар және барлық бөлме заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ кешен инфрақұрылымында 25 орындық мей­рамхана, 30 адамға арналған VIP-зал, түрік хамамы, жазғы күрке, тегін автотұрақ бар, кешенде тәу- лік бойы тіркеу қызметі жұмыс істейді.

Жаңа демалыс орнының тағы бір ерекшелігі туристерге Маңғыстау облысының киелі және тарихи орындарына арнайы турлар ұйымдастыруды ұсынады. Бұл – «Ашық аспан астындағы мұражай» атанған Маңғыстауды аралап, табиғатымен, тарихи ескерткіштерімен танысамын деген қонақтар үшін тамаша мүмкіндік.

Жаңа туристік нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау өңірінің туризм саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бүгінде сол міндеттер аясында өңірімізде жаңа туристік нысандар бой көтеріп жатыр. Теңіз жағалауын­дағы «Шахристан» қонақүйі шетелдік курорттардан кем түспейді. Бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, келушілер легінің артуына септігін тигізеді деп сенеміз. Облыс әкімдігі мұндай бастамаларды әрдайым қолдайды, – деді Аббат Өрісбаев.

Жаз маусымы басталар алдында жаңа бір демалыс орнымен толыққан Ақтауға биыл демалушылар легі ағылары анық.

 

Маңғыстау облысы