• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:32

Транскаспий тасымалының көлемі төмендеді

30 рет
көрсетілді

Елімізде контейнерлік тасымал көлемінің бірнеше есеге артуына Транскаспий көлік дәлізінің дамуы ықпал етіп, саладағы негізгі факторға айналды. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ бас директорының орынбасары Айбек Қапар ESE ASIA-2025 II Халықаралық көлік форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы осы Транскаспий бағытымен жүретін контейнерлік пойыздар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда рекордтық өсім көрсетті. Бұрнағы жылы 11 пойыз болса, былтыр олардың саны 358-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 303 есе артқанын көрсетеді.

«Бұл – біз теңіз бөлігінен өзімізге тартып алып, шоғырландырған көлемдер. Негізінен импорттар (Әзірбайжан, Грузия, Түркия). Нақтырақ айтсақ, бұл көлемнің шамамен 60%-ы – Әзербайжан импорты. Бұрын бұл тасымалдар теңіз арқылы жүзеге асырылатын еді», деді А.Қапар.

Сондай-ақ ол қазіргі кезде, әсіресе Қытай бағытында тасымал көлемінің жеткіліксіздігі сезілетінін тілге тиек етті. Бастапқыда наурыз бен сәуір айларында өсім болады деп күтілгенімен, әзірге бұл болжам орындалмаған.

«Қазіргі таңда көлемдер толық қалпына келмеді. Өткен жылы барлық транзиттік бағыттар бойынша өсім болды – 1 млн 395 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент), бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Биыл бұл көрсеткіш төмендеп келеді, дегенмен біз көлемнің артуын күтіп отырмыз. Бастапқыда өсімді наурыз-сәуір айларында күткен едік, алайда қазіргі күні ол қалпына келген жоқ. Сондықтан енді мамыр айында артады деп үміттенеміз. Біз көлемнің төмендеуін Транскаспий бағыты бойынша да байқап отырмыз. Қаңтарда жақсы көрсеткіш болды – 56 пойыз, наурызда – 16, ал сәуірде – 10 пайыз», деді спикер.