23 - маусым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысында «Ел жанашырлары» атты дәстүрлі спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайысқа Ұлытау облысы, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары әкімдіктерінің командалары қатысты.
12-16 мамыр аралығында ұйымдастырылған ауқымды спорт сайысына қатысушылар волейбол, баскетбол, шағын футбол, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу және арқан тартыс бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысында барлық спорт түрін қосып есептегенде жалпы командалық орындар бойынша:
І орынды Жаңаарқа ауданының әкімдігі, ІІ орынды Жезқазған қаласының әкімдігі, ІІІ орынды Қаражал қаласы әкімдігі иеленді.
Төрт күнге созылған облыстық олимпиада да бас жүлдені Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметшілері қанжығасына байлады.
Ұлытау облысы