• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Білім 16 Мамыр, 2025

Биылғы оқу жылында 14 мың мұғалім жұмысқа қабылданған

60 рет
көрсетілді

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны 412 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Оқу-ағарту министрлігі осылайша, Қазақстан мектептерінде педагог тапшылығы жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Сонымен қатар, жас мамандар легі де артып келеді. Кадр қажеттілігі педагогикалық жоғары оқу орындарын жаңадан бітірген түлектер есебінен де қамтамасыз етіліп жатыр.

«Педагогтар санының артуы еліміздің орта білім беру жүйесіндегі кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Бүгінде еліміздегі мұғалімдердің 73%-ы жоғары біліктілік санатына ие. Бұл - кәсібилік пен білім сапасының маңызды көрсеткіші», деді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Президенттің бастамасымен биыл алғаш рет бірден екі мұғалімге «Еңбек Ері» атағы берілген. Тағы 36 мұғалім мемлекеттік наградалармен марапатталып, 64-і «Үздік педагог» деп танылған. Олардың барлығы мемлекеттен 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 3,5 миллион теңгеден астам сыйақы алған.