• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:25

Атыраудағы «ANACО» компаниясына 897 млн теңге айыппұл салынды

80 рет
көрсетілді

Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, аталған атмосфералық ауаға газды заңсыз шығарған. Соның салдарынан ластаушы заттардың шығарындылары нормативтен асып кеткен. 

«Жылыой ауданы прокуратурасының заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысы қаралды. Департамент тарапынан «ANACО» ЖШС-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Істі қарау нәтижесімен заңды тұлға кінәлі деп танылып, 897 024 322 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бірақ, «ANACО» ЖШС салынған айыппұл көлемімен келіспейтінін танытқан. Алдымен, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына, одан соң облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым түсірген. 

«Аталған соттардың 12 ақпандағы және 19 наурыздағы қаулыларымен айыппұл көлемі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді. Қазір айыппұл өндірілу сатысында тұр, деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Атырау облысы