• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Табиғат Бүгін, 11:07

Батыстағы үш облыстың браконьерлеріне 15,9 млн теңге айыппұл салынды

140 рет
көрсетілді

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысындағы су айдындарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатыр.

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мақсат – су айдындарында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау.

«Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойған еді. Акция басталған 1 сәуірден бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 884 дерегі анықталды. Заң бұзған 680 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Браконьерлік, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау дерегіне қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 15,9 млн теңге айыппұл салынды», деп хабарлады комитеттен.

Заңсыз айналымнан 3 тонна 56 кило балық тәркіленген. Оның ішінде 608 кило бекіре тұқымдас балық түрлері, 2 кило қара уылдырық бар. Сондай-ақ, 181 балық аулау құралы мен 32 су көлігі алынған.

Аталаған акция 31 мамырына дейін жалғасады.

Атырау облысы