Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Пара дзюдо: Астанада әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орын алды.
Көркем гимнастика: Сингапурда Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарса, топтық сайыста Қазақстан командасы алтын және күміс жүлделер олжалады.
Шахмат: БАӘ-нің Әл-Айн қаласында классикалық шахматтан Азия біріншілігінде Ксения Балабаева қола медаль жеңіп алды.
Ауыр атлетика: Қытайдың Цзяншань қаласында Азия додасында Пётр Хребтов – қола медаль, Артём Антропов – күміс медальға қол жеткізді.
Таэквондо: БАӘ-нің Фуджейра қаласында (WT) жасөспірімдер арасында жаһандық бәсекеде жерлестеріміз ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медаль салды.
Спорттық гимнастика: Словенияның Копер қаласында Challenge Cup кезеңінде Диас Тойшыбек алтын, Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншіледі.
Теннис: Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында әйелдер арасында ITF W50 турнирінде чемпион атанды. Ал ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Италиядағы челленджер турнирінде топ жарды.