• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:30

Зеленский жаңа кездесу өткізуге ниетті

20 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киевтің халықаралық кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленскийдің айтуынша, келіссөздер Түркия, Ватикан немесе Швейцарияда өтуі мүмкін. Ол бұл туралы брифинг барысында баяндаған.

Сондай-ақ Украина басшысы елдің Мәскеу қойған талаптарға келіспейтінін, атап айтқанда, өз аумағынан әскерін шығармайтынын және ресейлік ультиматумдарды қабылдамайтынын нақты жеткізген.

Зеленский Трамппен бір күнде екі мәрте сөйлескенін атап өтті. Алғашқы қоңырау барысында атысты тоқтату мәселесі және Ресей оны бұзған жағдайда АҚШ-тың жаңа санкцияларға дайын екендігі талқыланған. Екінші рет сөйлескенде Зеленскиймен бірге еуропалық елдердің көшбасшылары да байланысқа қосылған.

«Егер Ресей атысты тоқтатудан бас тартса, тұтқындар мен кепілге алынғандарды босатпаса және қисынсыз талаптар қойса, бұл Кремльдің соғысты жалғастыруға мүдделі екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда халықаралық қауымдастық, әсіресе Еуропа мен Америка, қосымша санкциялармен жауап беруі керек», делінген Telegram-арнада жазылған ақпаратта.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Украинамен тиісті келісімдер жасалған жағдайда атысты тоқтатуға дайын екенін білдірген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп тараптарды соғыс туралы келіссөздерді мүмкіндігінше тез бастауға шақырған.