• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:13

Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен

40 рет
көрсетілді

Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Министрлік әдетте, мұндай жағдайлар ересектердің қарауынсыз қалған 2-13 жасқа дейінгі балалар арасында көп болатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалар балалардың москит торларына сүйенуінен жиі болған. ТЖМ еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілгенін атап өтті. Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-ана мен балалардың заңды өкілдерін мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:   - Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Москит торларына сенбеңіз, ол баланы ұстап қалуға қауқарсыз;

- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;

- Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.