• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2025

АҚШ-та анайы контентке тосқауыл қойылды

70 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп ғаламтор кеңістігінде рұқсатсыз жарияланған интимдік мазмұндағы фотосуреттер мен бейнематериалдарға, сондай-ақ жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейктерге тыйым салатын жаңа заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, енді мұндай контентті тарату қылмыстық әрекет деп танылып, заң алдында жауапқа тартылатын болады. Сондай-ақ, интернет-платформалар мен әлеуметтік желілер жәбірленушілерден шағым түскен жағдайда, екі тәулік ішінде сәйкес материалды өшіруге міндетті.

Аталған заңның қабылдануына АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп та өз ықпалын тигізген. Ол наурыз айында Капитолийге барып, Конгресс өкілдерін бастаманы қолдауға шақырған болатын. Оның араласуы нәтижесінде құжат заңды түрде бекітілді.