• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Жүрегі қазақ деп соққан – Альбина

50 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының топырағында білім мен тәрбиенің шамшырағына айналған білікті ұстаздар аз емес. Солардың бірі – Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Альбина Гадирова, деп жазады Egemen.kz.

Альбина Алиагаевна – өмір жолы өнегеге толы ұстаз. Анасы – Сыр өңірінің қасиетті Қармақшы ауданында, әкесі – Әзербайжан жерінде дүниеге келген. Екі елдің ұландары Латвияда білім қуып жүріп, бірін-бірі тапқан, өмірлік серік еткен. Осындай татулық пен достықты ту еткен шаңырақтың жылулығында өскен Альбинаның жүрегі кең, жаны таза. Ол  1992 жылы отбасымен бірге Қармақшы ауданына қоныс аударып, содан бері туған жердің төл перзентіндей еңбек етіп келеді.

Альбина Гадирова тек білікті ұстаз ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды қадір тұтатын жан. Қазақ халқының барша мерекелерін атап өтіп, салт-дәстүрді шәкірттерінің бойына сіңіруде ерекше үлгі көрсетіп жүр. Ол – ұлт пен ұлысқа бөлінбейтін, бейбітшілік пен татулықты ту еткен елдің шынайы жанашыры.

Ұстаздық жолды таңдаудағы басты себеп – өзі білім алған мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берген сүйікті ұстазы Меруерт Кенжегұлқызының үлгісі. Сол ұстазының қолдауымен түрлі байқаулар мен республикалық олимпиадаларға қатысып, өз қабілетін шыңдаған. Енді өзі де шәкірт тәрбиелеуде сол ізгілікті жолды жалғастырып келеді.

Қазіргі таңда Альбина Алиагаевна – шәкірт жүрегіне жол таба білген, жаңашылдық пен ұлттық рухты сабақтастыра білетін тәжірибелі ұстаз. Оның мемлекеттік тілді үйрететін әр сабағы – оқушыны ойландыруға, іздендіруге, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.