• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Қаржы Кеше

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстандағы ХВҚ басшысымен кездесті

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының басшысы Әли Әл-Эйдпен, сондай-ақ бас экономист Грегорио Импавидо және басқа да сарапшылармен кездесті.

Осы ретте аталған ұйымның Қазақстан билігімен консультациялық кеңес өткізу жөніндегі жыл сайынғы миссиясы ХВҚ Жарғысының IV бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айта кетейік.

Мәди Төкешұлы қордың басшысына ұйымның келісім шеңберінде тұрақты миссиялар мен мақсатты кеңестерді өткізіп, мемлекеттік органдарға техникалық қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Кездесу барысында ортамерзімді кезеңге арналған экономикалық перспективалар мен 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы, ҚР Қаржы министрлігі қызметіндегі негізгі басымдыққа ие бағыттар жайлы талқыланды.

«Біздің мақсат – экономиканың орнықты өсімі мен мемлекеттік қаржы жүйесін ашық түрде басқаруды қамтамасыз ету. ХВҚ мен басқа дахалықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту стратегиямыздың маңызды бағыты болып саналады. Алдымызда бюджет процесін цифрландыру мен жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс тұр», деді ҚР Қаржы министрі.

Бұған қоса ведомство басшысы бюджеттіңесеп-қисабын автоматтандыру мен ашықтықты арттыру үшін тиісті платформаларды әрмен қарай дамыта түсу қажет екенін атап өтті.

Кездесудің соңында М.Такиев Қазақстан ХВҚ-мен өзара байланыстың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын әрі екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.