Ақтөбе облысының Алға, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Ырғыз, аудандарында екі шағын қала, он бір ауылдық округ әкімдері сайланды.
Олардың 10-ы мемлекеттік қызметші, екеуі бюджеттік салада жұмыс істейді және біреуі уақытша жұмыссыз, деп хабарлайды egemen.kz.
Өткен демалыс күндері өткен сайлауда 6 аудандық және 41 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. «Он үш орынға таласқан 45 үміткердің 9-ы «AMANAT» партиясынан, 1-уі «Ауыл» партиясынан түссе, 35-і өздерін ұсынғандар болатын.
Тіркеу кезінде төрт үміткер құжаттарын кері қайтарып алды. Нәтижесінде 13 орынға 41 үміткер таласты. Дауыс беру күні 27 мың сайлаушының 11,3 мыңы қатысты. 62 сенімді өкіл және 62 бақылаушы сайлау учаскелерінде отырды», деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағанбетова.
Ақтөбе облысы.