• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 00:43

Әнші лайықты құрметке бөленді

30 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облыстық Ақан Сері атындағы филармонияның әншісі Динара Таушева Президент Қ.Тоқаевтың қолынан Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Бұл әншінің облыста мәдениетті дамытуға сіңірген көп жылғы жемісті еңбегіне берілген үлкен баға еді.  Динара Бақытқызы жолдасы Асхат Таушев екеуі көптен бері дуэтпен ән шырқап, еліміздің көптеген аймақтарына танымал болған. 

Биылғы қаңтар айында олар Баку қаласында өткен «Әлемдік үйлесім» («World Harmony») атты   VII Халықаралық конкурсқа қатысып, Динара Гран-При, ал Асхат ІІ дәрежелі лауреат болып оралды.

Орындалуы күрделі операларды шырқаған екеуі әділқазылар алқасы мен көрермендерді тәнті еткен. Қазір өнерлі жұп Қызылжар сахнасының гүліне айналған атақты әншілер.

ПЕТРОПАВЛ