Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды. Жануар сәуір айының соңында орнатылған бейнеқұрылғы арқылы тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Мамандардың айтуынша, Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары аталған ұлттық паркте дәл осы жануардың саны біртіндеп артып келеді.
Парк әкімшілігі келушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Себебі бұл аю жыртқыш аң санатына жатады. Қызметкерлердің айтуынша, туристер аюлармен кездескен жағдайда сабыр сақтап, жануарды үркітетін әрекеттерден аулақ болғаны жөн.
Видеороликте екі қонжық пен үлкен қоңыр аю таулардың арасын кезіп жүр.
Дамира Төлеген,
ЕҰУ, 2 курс студенті