Кеше әлеуметтік желілерде Шерзаттың сот процесіне қатысы болуы мүмкін белгісіз тұлғалардың екіұшты сипаттағы диалогын қамтитын бейнематериал тарады. Осы оқиғаға байланысты сот тарапынан жеке қаулы шығарылатыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот бейнематериалда айтылған жайттарды ескере отырып, оның мән-жайын жан-жақты зерттеу қажеттігін атап өтті. Прокурорға бейнематериалдың шынайылығын анықтап, диалогқа қатысушылардың кім екенін және олардың әңгімесінің мазмұнын саралап, заңға сәйкес шаралар қабылдау тапсырылған.
Сот Конституция талаптарын еске сала отырып, нақты шешімді тек сот органы ғана қабылдайтынын ерекше атап өтті. Осыған байланысты жалған мәлімет тарату, негізсіз болжам жасау немесе қоғамдық пікірді арандату әрекеттеріне жол берілмейтіні туралы қатаң ескерту жасалды.
Ресми органдар оқиғаны мұқият бақылауда ұстап отыр. Қоғамнан тек ресми ақпаратқа сүйеніп, тексерілмеген деректерге сенбеу сұралады.