Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған немесе қойма салу қажеттігі туындайды, деп жазады Egemen.kz.
Еске салайық, Жаңа Су кодексіне Мемлекет басшысы биыл 9 сәуірде қол қойған еді. Айта кетейік, аталған құжат 10 маусымда күшіне енеді.
Аталған шара диқандарды суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған.
Сала министрлігінің мәліметінше, еріген қар суын жинауға арналған гидротехникалық құрылымдар қауіпсіздік талаптарына сәйкес болып, өзен-көлдермен және басқа да су нысандарымен байланыспауы керек әрі қоршаған ортаға зиян келтірмеуі қажет. Құрылыс аяқталғаннан кейін бассейндік су инспекциясына хабардар етіліп, нысан арнайы тізімге енгізіліп отырады.
«Жаңа Су кодексі Қазақстандағы су саласының барлық бағыттарын қамтиды. Оның басты міндеттері – су үнемдеу жөніндегі жалпыұлттық саясатты қалыптастыру және дамыту, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұруды реттеу, балама су көздерін (жаңбыр және еріген қар сулары, тазартылған ағын сулар, тұщытылған тұзды сулар) пайдалану, сондай-ақ су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану деңгейін арттыру», деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.