Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24-25 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Майлин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған учаске жабылып, көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жауапты басқарма тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрап, өзгерістерді ескеруге шақырды.