• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:58

Атырау облысында мектеп бітіретін 222 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін

30 рет
көрсетілді

Биыл Атырау облысында 11-сыныпты 7 мың 415 оқушы бітіреді.

Атырау облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, түлектердің 6535-і мемлекеттік мектепте дәріс алған. Ал, 882 оқушы жекеменшік мектепте оқыған.

«Атырау облысында «Алтын белгіге» 222 түлек үміткер болып отыр. Ал, үздік аттестатты алудан үміті бар оқушылар саны – 319», деп хабарлады білім басқармасынан.

Сондай-ақ, мұнайлы 9-сыныпты 13 605 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде 734 шәкірт үздік аттестатқа қол жеткзуі мүмкін.