• RUB:
    6.46
  • USD:
    509.26
  • EUR:
    574.75
Басты сайтқа өту
Заң 26 Мамыр, 2025

Алматыда 5 мыңнан астам алаяқтық хабарлама бұғатталған

30 рет
көрсетілді

Алматы облысы прокуратурасы интернет-алаяқтықтарға қарсы ірі онлайн-платформалармен біріккен. Осы бағытта Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz-тен 5 мыңнан астам алаяқтық хабарламаны бұғаттап, тағы 7 мың аккаунтты тексеруге алған, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтық жасалатын аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізумен байланысты болған. Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып жалдау үшін алдын ала төлем талап еткен. Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал еткен.