• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Шахмат 26 Мамыр, 2025

Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағын жеңіп алды

40 рет
көрсетілді

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева БАӘ-де өткен беделді Sharjah Masters 2025 супертурнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спортшы гроссмейстерлік атаққа қажетті үшінші және соңғы норманы орындап, өзінің спорттық мансабында алғаш рет 2500 рейтингілік ұпай межесінен асты. Бұл халықаралық гроссмейстер атағын алу үшін қойылатын басты шарттардың бірі еді.

Турнир қорытындысы бойынша Асаубаева 64 гроссмейстердің ішінде үздік отыздыққа енді. Сонымен қатар ол әйелдер арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының чемпионы Дивья Дешмухтан озып шықты.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында атақтың ресми бекітілуін күту қалды.

«Енді ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында атақтың ресми түрде бекітілуін күту ғана қалды. Сол кезде Бибісара Қазақстан тарихындағы Жансая Әбдумәліктен кейінгі екінші әйел гроссмейстер атанбақ», делінген хабарламада. 

Бибісара Асаубаева – жасөспірімдер арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының (рапид) күміс жүлдегері, ірі халықаралық турнирлердің қатысушысы және көптеген марапаттардың иегері.