Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында індет тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушысы болған 14 испан азаматы арасында хантавирус жұқтырудың жаңа жағдайын растады, деп жазады Egemen.kz.
Қазіргі уақытта ауру белгілері жоқ пациент жоғары деңгейлі оқшаулау бөліміне ауыстырылып, арнайы медициналық бақылауға алынды. Ведомствоның хабарлауынша, қатаң биологиялық қауіпсіздік хаттамасы сақталып отыр.
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Министрлік бұл жаңа жағдай жалпы халық үшін қауіп деңгейін өзгертпейтінін және қазіргі эпидемиологиялық шараларға әсер етпейтінін атап өтті.
Бұл Мадридке эвакуацияланған испан азаматтары арасындағы хантавирус жұқтырудың екінші жағдайы. Алғашқы науқастың белгілер пайда болғаннан кейін жағдайы жақсарып келе жатқаны хабарланды.
Нидерландыда 12 медицина қызметкері хантавирусқа байланысты оқшауланды
Францияның Бордо портында Ambition кемесінде болған жағдайға байланысты 1 700-ден астам адам карантинге алынды. Олардың қатарында шамамен 1 200 жолаушы және 500-ден астам экипаж мүшесі бар.