• RUB:
    6.46
  • USD:
    509.26
  • EUR:
    574.75
Басты сайтқа өту
Энергетика Кеше

Биыл 74 инфрақұрылымдық жобаның құрылысы басталады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру 2025 жылдың екінші жартысында басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Министр 74 жоба 2029 жылға дейін есептелгенін атап өтті.

«Министрлік сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарына жауапты, оған шамамен 1 трлн теңге жоспарланып отыр. Егер, жақын уақытта заңнамаға түзетулер енгізілетін болса, екінші жартыжылдықта жұмысты бастаймыз. Министрлік ішінде бірыңғай оператор болып «ТКШ Орталық»  белгіленді. Қазіргі уақытта жеткізушілерді іріктеу бойынша конкурстық рәсімдер ұйымдастыру ережелері әзірленіп жатыр, деді Ерсайын Нағаспаев.

Өз кезегінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тартылатынын және бұл бюджетке әсер етпейтінін айтты.

«Қаржыландыру республикалық және халықаралық институттар тарапынан жүргізіледі. Бүгінде жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 28 жылу жобасы, ал электр желілері бойынша 46-ға жуық жоба таңдалды. Қазір қаржы институттарымен жұмыс істеу сатысындамыз», деп түсіндірді Сұңғат Есімханов.

Жобаны іске асыру 2029 жылға қарай желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс студенті