• RUB:
    6.46
  • USD:
    509.26
  • EUR:
    574.75
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

Қазақстанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашу керек - депутат

70 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауалда депутат ұлттық болмыс пен тарихи жауынгерлік мұраны сақтау мақсатында мұндай музейдің маңызы зор екенін атап өтті. Е.Бапи ұсынысын Париж, Лондон, Мәскеу, Баку, Ташкент қалаларындағы әскери және қару-жарақ музейлерінің тәжірибесімен салыстырды.

Оның айтуынша, Қазақстанда ежелгі жауынгерлік дәстүр мен қару-жарақ мәдениетінен сыр шертетін бай мұра бар. Мысалы, Құлментегі темірші-ұсталар отбасы қазақ қару-жарағының көптеген сирек үлгілерін жеке жинақтап, сақтап отыр. Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев пайдаланған «Шилка» және өзге де тарихи әскери жәдігерлер болашақ музейге лайық экспонаттар бола алады.

Депутат Ресей әскери-тарихи музейінің елімізде филиал ашуына байланысты қоғамда туындаған наразылықты ескеріп, Қазақстан өз тәуелсіз әскери музейін ашуға тиіс деген ұстанымын білдірді.Сауал соңында Ермұрат Бапи аталған бастама бойынша Үкіметтің нақты ұстанымын Парламентке жеткізуді сұрады.

Алина Қайратқызы

ЕҰУ 2-курс студенті