• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2025

Жеңіске құштар чемпион

30 рет
көрсетілді

Павлодарда Жан Шынғожа атты чемпион бала тұрады. Осы уақытқа дейін жасөспірім бірнеше әлем чемпионатында топ жарды.

Жанның жасы қазір 14-ке толды. Спортқа жа­ны құ­мар жасөспірім №21 орта мектепте білім алады. Әжесі Бақ­тылы Ал­тыбасарованың ай­­туынша, немересінің спорт­қа қызы­ғу­шы­лығын қазіргі Қазақстан таэк­­вондо GTF фе­дерациясының пре­­зиденті Қален Сұлтан­ғазин оятыпты.  Ол Павло­дарда біраз жылдар таэквондо бап­кері бол­ғаны мәлім. Жан­ның бойындағы отты байқаған шебер оны баулып, жарыстарға апара бас­­таған.

– Жан – жалғыз ұлым­нан туған бес немеремнің үлкені. Кішкентайынан менің жанымда өсті. Еркелеу еді, спортқа барып тәртіпті, жинақы бола түс­кенін көріп мәз болдық. Қазір қаладағы «Прайд» клубында жат­тығып жүр. Алда Теміртауда өтетін Қазақстан чемпионаты, одан соң Шотландияда болатын әлем біріншілігі тұр. Осы жарыстарға қа­­тысып, бағын сынайтын ойы бар. Немерем осы уақытқа дейін бір­неше әлем кубогіне, чемпионаттарына қа­ты­сып, жүлдемен оралды. Бар­­лық бәсекелерден жиыны 60-тан астам медаль әкелді, –дейді әжесі.

Бүгінге дейін жеткен же­тістіктері баршы­лық. Мәселен, 2018 жылы Армения елінде өт­кен жарыста Еуропа кубо­гі­нің күміс жүлдегері, 2022 жылы Кипр Рес­пуб­­ликасындағы бірін­­шілікте Еуразия кубогін иеленсе, сол жылы Қазақстан чем­­пио­натының жеңім­па­­зы атанды. Ресей ел­дерінде өткен ашық чем­­пионаттарда қарсылас шақ келтірмеді. Бүгінде бұл спорт түрінен қара белбеудің иесі және спорт шеберлігіне кандидат.

«Тұңғышымыз – отба­сы­мыздың мақ­та­нышы! Ал спорт кез келген адамның денінің саулығы үшін қажет. Немеремнің спортқа қызығушылығы жоғары болғанына қуа­намын. Қазіргі таңда таэк­вондоға үзбей барып жүр. Жарыстарда жетістікке жетіп, абыройы асқақтап жатса, онда біздің мерейі­міздің тасығаны», деп қос­ты Бақтылы Алтыбасарова.

Жан Шынғожа спортпен қоса оқуды да қатар алып жүр. Ұстаздары оқу үл­­ге­рімі жақсы екенін жет­кізді.

 

ПАВЛОДАР